НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

«Шаңырақ» пилоттық бағдарламасы


Қатысу туралы өтініштерді қабылдау және төлем қабілеттілігін бағалау мерзімі: 17.08.2020 ж. бастап 16.09.2020 ж. дейін.

Өтініштер тұрғын үйге мұқтаж жандар ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтардан (бұдан әрі – ЖАО кезек күтушілері) ғана қабылданады.

ЖАО кезек күтушілерін Бағдарламаға қатысу үшін кезекке қою кезеңі: 1986 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда.

Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған соң, Бағдарлама аясында кредит беруге арналған қаражаттар Банкте бар болған жағдайда, Бағдарламаға қатысуға кейінгі жылдары ЖАО есебіне тұрған ЖАО кезек күтушілері шақырылуы мүмкін.

Бағдарламаға қатысуға арналған 6 қадам:

1-қадам: Банктің www.hcsbk.kz сайтына электронды өтініш беру;

2-қадам: Банк сайтына өтініш берген күннен бастап үш күн ішінде Банк қызметкерінің қоңырауын күтіңіз, ол кредит беру шарттары бойынша, бағдарлама талаптары бойынша толық кеңес береді және Сізді өтінім беру үшін Банк бөлімшесіне жазады.

3-қадам: Төлем қабілеттілігін бағалау үшін құжаттар пакетімен бірге тағайындалған уақытта Банк бөлімшесіне келу;

4-қадам: Қарызды мақұлдау туралы Банктің оң шешімін алу;

5-қадам: Банк талаптарына сәйкес келетін жеке құрылыс салушылардан (соның ішінде «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігі бар) бастапқы тұрғын үйді табу, сатып алу-сату шартын немесе үлестік қатысу шартын жасасу;

6-қадам: Бастапқы жарнаны шотқа салу және Банктен қарыз алу!

Қарыз беру Өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының 10%-нан кем емес мөлшерде тұрғын үй құрылыс жинақтары бар болған кезде мүмкін болады.

Сіз ЖАО кезек күтушісі ретінде есепке қойылған күніңізді egov.kz сайтында, өз өңіріңіздегі жергілікті атқарушы органда тексере аласыз.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қол жетімді баспана» тарауында толығырақ танысуға болады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 нөмірі (мобильді телефоннан тегін) бойынша Банкті Байланыс орталығына, сондай-ақ Банктің WhatsApp (wa.me/77059251300) және Telegram (t.me/quanysh_bot) арналарына хабарласуларыңызды сұраймыз.




Яндекс.Метрика