НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев к., 39
  +7 (7172) 28-09-59
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Тұрғын үй бойынша сұрақтар


Мемлекеттен тұрғын үй алуға кім құқылы?

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
  • жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • халықтың әлеуметтік жағынан осал топтар;
  • мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлерге үміткерлер, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және үкімет сайланған лауазымды тұлғалар;
  • жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтары.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына кімдер жатады?

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
  • кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
  • жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  • жетім балалар немесе ата-анасының қарауынсыз қалған азаматтар
  • толық емес отбасылар;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • оралмандар;
  • экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
  • мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.

Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қандай құжаттар қажет?

1) есепке қою туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерін растайтын жиынтық табысты есептеу бойынша анықтаманы ұсынады, тиісінше Сіздің отбасыңыздың бір мүшесіне табысы 92 063 теңгеден аспауы тиіс.; (анықтаманы Р. Қошкарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша орналасқан «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ береді, Тұрғын үй беру бойынша азаматтарды есепке алу бөлімі) *бірінші кезекте осы анықтама үшін жүгінуге кеңес береміз

4) неке қию/бұзу, жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәлік

5) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабында айқындалған санатқа өтініш берушінің қатынасын растайтын құжаттар»:

  • толық емес отбасылар некені бұзу туралы/жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы/әке болуды анықтау туралы куәлік/ № 4 нысан (көшірмесі);
  • көп балалы отбасылар көп балалы ананың кітапшасын ұсынады (көшірмесі);
  • жетім балалар ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік/сот шешімі/қорғаншылық туралы құжаттар/балалар үйінен анықтама (көшірмесі);
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мүгедектігі туралы анықтама (көшірмесі);
  • мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтама ұсынады;
  • жасына байланысты зейнеткерлер зейнетақы кітапшасын (көшірмесі) ұсынады;
  • оралмандар оралман куәлігін ұсынады (көшірмесі);
  • кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар ауру туралы медициналық қорытынды ұсынады (көшірмесі);
  • экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар тұрғын үйді техникалық тексеру жөніндегі қорытындыны (көшірмесі) ұсынады;
  • жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар тұрғын үйді авариялық деп тану туралы қорытынды ұсынады;

Уақытша тіркеу туралы куәлік тұрғын үй кезегіне тұру үшін жарамды ма?

Жоқ. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда немесе астанада тіркеу есебіне алу үшін кем дегенде үш жыл тұрақты тұратын жер қажет. Осылайша, уақытша тіркеуі бар азаматтар тұрғын үйді кезегіне өтініш бере алмайды. 

Тұрғын үй кезегіне тұру үшін қайда өтініш беру қажет? Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдарды тіркеуге өтінімдер «Азаматтарға арналған үкіметі» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО), сондай – ақ www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы алынады.

Жеңілдікті шаршы метрлер қандай ұсынылады?

Заңның № 67, 74, 80-баптары нормаларына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік орган немесе кәсіпорын арасындағы жасалған жалға алу (жалдау) шарты бойынша барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген сәттен бастап тізімде белгіленген тәртіппен, осы елді мекенде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының тұрмысы төмен азаматтарына беріледі.

Мемлекеттен тегін пәтер алуға кім құқылы?

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
  • Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты ауруға шалдығу салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жаралану, контузия алу, мертiгу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
  • Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған әскери қызметшілерді және қызметкерлерді қоспағанда, күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
  • “Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе əскери қызметшісінің отбасы мүшелері, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, əскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің отбасы мүшелері, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелері;
  • ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер құқылы. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлеріне ауысады;
  • саяси қуғын-сүргiндер құрбандары, сондай-ақ “Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен адамдар;
  • ішкі істер органдарының күнтiзбелiк есеппен жиырма және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар қызметкерлері және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтiзбелiк есеппен жиырма және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар қызметкерлер, сондай-ақ күнтiзбелiк есеппен он және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар және мүгедек балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлер құқылы. Ішкі істер органдарының берілген қызметтік тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар зейнеткері қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.

Тұрғын үй кезегінен қандай жағдайларда алынып тасталуы мүмкін?· 

Егер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді беру негіздері жойылған болса;·  басқа елді мекенде тұрақты тұруға кеткен немесе мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекемемен еңбек қатынастарын тоқтатуға байланысты;·  жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу қажеттілігі туралы азаматпен жалған ақпарат берген жағдайда;·  жеке тұрғын үй құрылысы аяқталған немесе тұрғын үй сатып алынған жағдайда.