НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев к., 39
  +7 (7172) 28-09-59
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Жалпы ақпарат


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ

Қызметі тура ақпарат

  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Нұр-Сұлтан қаласы коммуналдық тұрғын үй қорын есепке алу және ұстау бойынша функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
  2. Мекеменің түрі: коммуналдық.
  3. Мекеме Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2018 жылғы «22»мамыр 2018 ж №158-902 қаулысымен құрылды.
  4. Мекеменің құрылтайшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі болып табылады.
  5. Мекеменің уәкілетті органы «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

Мекеме қызметінің басты мақсаты коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мониторингін жүргізу, коммуналдық тұрғын үй қорының және Мекеменің тұрғын үй қорының теңгерімдік күтілуін қамтамасыз ету, коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе Мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру бойынша шарттарды жүргізу болып табылады.

Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге мұқтаж болып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына мониторинг пен талдау жүргізу;

2) коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеуде тұрған азаматтары тізіміне түгендеу жүргізу;

3) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді беру және жекешелендіру мәселесі бойынша материалдарды дайындау және уәкілетті органга енгізу;

4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясы қабылдаған шешім негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мына құжаттарды:

  • коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді жалдау (қайта жалдау) шартын;
  • мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру шартын беру;

5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шарттарының, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жекешелендіру бойынша шарттардың, Мекеменің ведомстволық мұрағатындағы басқа да шарттардың телнұсқасын беру, сондай-ақ құқық белгілеуші құжаттарға түзетулер мен түсіндірулерді енгізу;

6) пәтерлерді коммуналдық тұрғын үй қорына немесе Мекеменің тұрғын үй қорына тапсыру кезінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кіргізуге пәтерлердің дайындығын, сондай-ақ азаматтардың тұрмыстық жағдайын тексеру;

7) коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді жалдау (қайта жалдау) шарты бойынша жалға алушылардың жалдау ақысын төлеу бойынша міндеттемелерінің орындалуына, тұрғын үйдің мақсатты пайдалануына мониторинг жасау;

8) иесіз тұрғын үй жайларын табу, оларды коммуналдық тұрғын үй қорына қосу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шараларды қолдану;

9) жалға алушыларда басқа тұрғын үйдің болуын, отбасы құрамының өзгертілуін және жасасқан шарттарды іске асыру үшін маңызы бар басқа да жағдайларды анықтап, мониторинг жасау;

10) пәтерлерді коммуналдық тұрған үй қорына немесе Мекеменің тұрғын үй қорына тапсыру кезінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кіргізуге пәтерлердің дайындығын тексеру, сондай-ақ азаматтардың тұрмыстық жағдайын тексеру;

11) коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді жекешелендіру үшін төлемдерді жасау тізбесі бойынша төлемдерді жасау мерзімінің бұзылуына мониторинг жүргізу;

12) құқық белгілеуші құжаттар мұрағатын ұстау;

13) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж есебінде тұрған азаматтарды кезектіліктің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттандыру;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес Мекеменің тұрғын үй қорынан жалдау (қайта жалдау), жекешелендіру бойынша шарттарды жасасу және беру;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа қызмет түрлерін жүзеге асыру.

16) Мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

17) Мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.