August 6, 2019

“Берекелі баспана” жекешелендіруге құқығы жоқ жолдамалы үйлер әлеуметтік жағынан осал топтарға

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

 

«Берекелі баспана» ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ жалдамалы тұрғын үй бойынша қалалық бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрғын үй қоры» КММ құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.
Бұл бағдарламада «Әлеуметтік жағынан осал» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар, ал оларға кіретін:

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
  • кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
  • жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  • жетім балалар немесе ата-анасының қарауынсыз қалған азаматтар
  • толық емес отбасылар;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • оралмандар;
  •  экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар  салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
  • мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.

 

Пәтер саны: 148

Шаршы метр: Екі және бір бөлмелі пәтерлер

Осы пәтерді меншікке жекешелендіруге болады ма? – ЖОҚ
Бастапқы жарна: Жоқ.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 6 тамыз мен 12 тамыз аралығында

Талаптары: Сіз коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіндегі «Әлеуметтік жағынан осал топтар» санаты бойынша тұруыңыз  керек.

Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де іске асырылады, келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы 39 (Қошқарбаев-Жұмабаев ауданы, «Барыс» ТК аялдамасы)
Жұмыс уақыты сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Тұрғын үйге үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы керек:

1) өтініш;

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

Байланыс нөмірлері: 79-34-50, 8-776-120-29-73 (Ватсап)

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Мекеменің директорына сұрақ қою

Тұрғын үй

кезегін қарау

Құжаттарды жаңартуға

қабылдау кестесі

August 6, 2019

“Берекелі баспана” жекешелендіруге құқығы жоқ жолдамалы үйлер әлеуметтік жағынан осал топтарға

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы