НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев к., 39
  +7 (7172) 28-09-59
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Жаңартуға құжаттарды қабылдау уақытша тоқтатылды


Құрметті кезектілік күтушілер!

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 71 бабының 5 тармағына сәйкес және ҚР Үкіметінің 26.06.2012 жылғы № 856 қаулысымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ҚР азаматтарын есепке қою қағидаларына сәйкес 2019 жылдың 1 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 1 сәуірге дейін жаңартуға құжаттар қабылдау тоқтатылады.

Жаңартуға құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 желтоқсанына дейін қайта жүргізілетін болады.

Жаңартуға құжаттарды қабылдау басталғандығы туралы 2020 жылы қосымша хабарланатын болады.