НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев к., 39
  +7 (7172) 28-09-59
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

«Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша кілттерді беру


Құрметті жастар!

«Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша сертификат алғандар үшін қазіргі уақытта үйге құжаттар мен жалға алу келісім-шарттары дайындалуда. Пәтер кілттерін беру және орналастыру кестеге сәйкес 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап жоспарланған. Сізге қосымша кілттерді беру орны мен уақыты туралы смс-хабарлама жіберіледі. Үй дайын, бірақ әрбір пәтерді болашақта шағым қоюды болдырмау үшін маманға өтініш берушімен бірге қарау керек болғандықтан физикалық тұрғыдан барлығын бір күнде бір мезгілде қоныстандыру мүмкін емес болғандықтан,кілттерді беру кестеге сәйкес күндер бойынша бөлінген. Әрбір өтініш берушінің кілттерін беру кестесі жақын арада осы сайтта жарияланатын болады.