НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев к., 39
  +7 (7172) 28-09-59
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Нұр-Сұлтан қаласында 20, 21 ақпан күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Бейбітшілік, 14 мекен-жайында орналасқан “Жанұя” отбасы институтын қолдау орталығында қоныс аударуға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдау басталатыны туралы хабарлайды


Құрметті кезектілік күтушілер!
Нұр-Сұлтан қаласында 20, 21 ақпан күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Бейбітшілік, 14 мекен-жайында орналасқан “Жанұя” отбасы институтын қолдау орталығында қоныс аударуға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдау басталатыны туралы хабарлайды.

Бұл бағдарлама не ұсынады?

-Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облысында тұрғын үй.

-Жұмыс орны.

Әрбір отбасы мүшесіне 92 785 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді.

Шарттары:
– Нұр-Сұлтан қаласында 1 жылдан кем емес тұрақты мекен-жай тіркеуі болуы.
Егер Сізде мамандық болмаса, тегін оқыту мүмкіндігі ұсынылады.

Жәрмеңке мақсаты – нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің жұмыс күші тапшы аймақтарын еңбек қабілетті қызметкерлермен қамтамасыз ету.

Байланыс нөмірлері: 57-88-88