НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев к., 39
  +7 (7172) 28-09-59
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады


Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады

Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу үшін астанада үш жылдан кем емес тұрақты тіркеу қажет.

Кезекке қою кезінде және соңғы 5 жылда Сізде және Сіздің отбасы мүшелеріңіздің ҚР бойынша меншік құқығындағы тұрғын үй болмауы тиіс.

Тұрғын үйге кезекке тұру үшін уақытша тіркеу туралы анықтама жарайды ма? Жоқ.

 

Азаматтардың қандай санаттары тұрғын үйге кезегіне тұра алады?

  • Ұлы Отан Соғысының  мүгедектері мен қатысушылары;
  • Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Халықтың әлеуметтік осал топтары;
  • Көп балалы отбасылар;
  • Мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;
  • Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарына кімдер жатады?

  • Ұлы Отан Соғысының  мүгедектері мен қатысушылары;
  • Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары
  • Кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
  • Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер
  • Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Көп балалы отбасылар;
  • Толық емес отбасы
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер
  • Оралмандар
  • Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
  • Мемлекеттiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

 

Тұрғын үйге кезекке тұру үшін құжаттарды қайда тапсыру қажет?

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою туралы өтініштерді қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚО), сондай-ақ www.egov.kz (ХҚКО) электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қандай құжаттар қажет?

1)  есепке қою туралы өтініш;

2)  жеке басын куәландыратын құжат;

3)  халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерін растайтын жиынтық табысты есептеу бойынша анықтаманы ұсынады, тиісінше Сіздің отбасыңыздың бір мүшесіне табысы 96 668 теңгеден аспауы тиіс.; (анықтаманы ХҚКО  береді)

4) неке қию/бұзу, жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәлік

5) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабында айқындалған санатқа өтініш берушінің қатынасын растайтын құжаттар»:

* толық емес отбасылар некені бұзу туралы/жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы/әке болуды анықтау туралы куәлік/ № 4 нысан (көшірмесі);

* көп балалы отбасылар көп балалы ананың кітапшасын ұсынады (көшірмесі);

* жетім балалар ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік/сот шешімі/қорғаншылық туралы құжаттар/балалар үйінен анықтама (көшірмесі);

* 1 және 2 топтағы мүгедектер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мүгедектігі туралы анықтама (көшірмесі);

* мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтама ұсынады;

* жасына байланысты зейнеткерлер зейнетақы кітапшасын (көшірмесі) ұсынады;

* оралмандар оралман куәлігін ұсынады (көшірмесі);

* кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар ауру туралы медициналық қорытынды ұсынады (көшірмесі);

* экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар тұрғын үйді техникалық тексеру жөніндегі қорытындыны (көшірмесі) ұсынады;

* жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар тұрғын үйді авариялық деп тану туралы қорытынды ұсынады;