НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев к., 39
  +7 (7172) 28-09-59
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

«Бақытты отбасы» жеңілдікті несиелеудің тұрғын үй бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қала әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 29 наурызына дейін жолдама алу үшін электрондық форматта өтініштер қабылдау туралы хабарлайды.


«Бақытты отбасы» жеңілдікті несиелеудің тұрғын үй бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қала әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 29 наурызына дейін (демалыс және мереке күндерін қоса алғанда) жолдама алу үшін электрондық форматта өтініштер қабылдау туралы хабарлайды.

Бағдарламаға қатысушылары кезекте тұрғандар санаттар болып табылады:

1) көп балалы отбасы;
2) толық емес отбасы (егер сіз ажырасқан болсаңыз, онда неке бұзылған сәттен бастап 3 жыл өтуі керек);
3) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы.
семья, имеющая или воспитывающая детей-инвалидов. .

Бағдарламаның шарттары:

1) Жоғарыда көрсетілген санаттардың бірі бойынша тұрғын үйге кезекте тұру;
2) Отбасының бір мүшесінің табысы 62 366 теңгеден аспауы тиіс;
3) Несиелеудің ең көп сомасы-15 млн. теңге;
4) Несие беру мерзімі 20 жылға дейін;
5) Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10 % мөлшерінде;
6) Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады;
7) Бастапқы және қайталама нарықта бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн. теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификаты беріледі;

Банкке жолдама алу үшін Сізге қажет:
–  электрондық цифрлық қолтаңбаны алу (ЭЦҚ ХҚКО береді, өзіңізбен флешка болу керек).
-* өтінішті электрондық портал арқылы жіберу

Назар аударыңыз!

Жолдама алуға барлық жылдар тапсыра алады,алайда жолдама алуға тапсырғандардың арасында іріктеу кезекке қойылған күн қағидаты бойынша жүргізіледі.

Құжаттардың соңғы жаңартылуына қарамастан, құжаттарды жаңарту талап етілмейді.

Өтінімдер көрсетілген портал арқылы электрондық түрде ғана қабылданады. Портал демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Жолдама алу үшін электрондық өтінішті қалай беру керектігі туралы нұсқаулық zhilfond.kz сайтта жарияланатын болады.

Өтініштерді қарау нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz сайтында және Тұрғын үй қорының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.