НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев к., 39
  +7 (7172) 28-09-59
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

«Бақытты отбасы» жеңілдікті несиелеудің тұрғын үй бағдарламасы аясында «Тұрғын үй қоры» жолдама алу үшін электрондық форматта өтініштер қабылдаданатындығы туралы хабарлайды


«Бақытты отбасы» жеңілдікті несиелеудің тұрғын үй бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ 2020 жылдың 18 мамырынан 24 мамырына дейін жолдама алу үшін электрондық форматта өтініштер қабылдаданатындығы туралы хабарлайды.

Банкке жолдама алуға өтініш беру үшін Сізге қажет:

*Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу (egov.kz порталда https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp сілтеме бойынша өтіп, ЭЦҚ қашықтықтан алуға болады).

* http://search.zhilfond.kz/orders.php электрондық портал арқылы өтінішті жіберу (zhilfond.kz сайты, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жолдама алуға өтініш беру» қосымшасы).

Назар аударыңыз!

* Сіздің өтінішіңізге жауап тіркеу кезінде көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі. Мақұлданған жағдайда Сізге жолдаманың сканерленген нұсқасы жіберіледі, ал құжаттың түпнұсқасы бізбен ТҮҚЖБ жолданады. Тұрғын үй қорына жолдама алу үшін келудің қажеті жоқ.

* Егер Сіз 2020 жылғы 16-29 наурыз аралығында жолдама алуға өтініш берген жағдайда, өтінімді қайта беру қажет емес.

* Алдыңғы постта «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарыңызға жауаптар жарияланды.

* Жолдама алуға өтініштер кезектіліктегі барлық жылдардан қабылданады, бірақ жолдама беруге іріктеу кезінде кезекке қойылған жыл ескерілетін болады.

* Құжаттардың соңғы жаңартылуына қарамастан, құжаттарды жаңарту талап етілмейді.

* Өтініштер көрсетілген портал арқылы электрондық түрде ғана қабылданады. Портал демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

* Жолдама алу үшін электрондық өтінішті қалай беру керектігі туралы нұсқаулық zhilfond.kz сайтында жарияланатын болады.

* Өтініштерді қарау нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz сайтында және тұрғын үй қорының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша барлық қажетті консультацияны 8-776-198-29-70 ватсапына жазып ала аласыз

Бағдарламаның шарттары:

1) Жоғарыда көрсетілген санаттардың бірі бойынша тұрғын үйге кезекте тұру;

2) Отбасының бір мүшесіне шаққандағы табыс 62 366 теңгеден аспауы тиіс;

3) Несиелеудің максималды сомасы-15 млн. теңге

4) Несие беру мерзімі 20 жылға дейін;

5) Тұрғын үй құнының 10 % мөлшерінде бастапқы жарна;

6) Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады;

7) Бастапқы және қайталама нарықта бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн. теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификаты беріледі;

Санаттар бойынша кезекте тұрғандар бағдарламаға қатысушылар бола алады:

1) көп балалы отбасы;

2) толық емес отбасы (егер сіз ажырасқан болсаңыз, онда неке бұзылған сәттен бастап 3 жыл өтуі керек); 3) мүгедек бала асыраушы немесе тәрбиелеп отырған отбасы.