zhilfond.kz сайтында және «Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ www.gov.kz сайтында «Көпбалалы отбасылар», «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» және «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының нәтижелері жарияланды.
Бұл тізімдер келесідей берілген:
«Көпбалалы отбасылар» санаты:
«Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты
«Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты:
Халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттары үшін қалған 76 бір бөлмелі пәтер бойынша іріктеу жалғасуда.
Бағдарлама бойынша өткен азаматтармен Тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі іс-қимылдар туралы хабарлайды.
Назар аударыңыз! Алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты, өте қырағы болуды сұраймыз. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон қоңырауларын шала отырып, ешқашан тұрғын үй беру үшін несиелерді, қарыздарды өтеуді және шотты бұғаттаудан шешуді сұрамайды.