НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Құрметті Елорда тұрғындары!


Құрметті Елорда тұрғындары!
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға 2019 жылдың 1-ші ақпанынан бастап 1-ші желтоқсаны аралығында тізімге сәйкес құжаттарын жаңарту қажет.
Құжаттарды Астана қ., Алматы ауд., Р. Қошқарбаев даңғ., 39 үй (М. Жұмабаев көшесінен кіру) мекен-жайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-не бекітілген кестеге сәйкес тапсыру қажет.
Жаңартуға қажеті құжаттар тізімі
1) өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын растайтын куәліктері;
3) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы;
4) неке қию/некені бұзу, қайтыс болу, туу туралы куәліктері, некеде тұрмайтындығын растайтын нотариалды куәләндырылған өтініші;
5) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтамасы;
6) өтініш берушіде және/немесе оның өтінішке енгізілген отбасы мүшелерінде жеке меншік құқығында тұрғын үйдегі үлесі болған кезде құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері;
7) өтініш берушінің ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабында көрсетілген санатына жататындығын растайтын құжаты;
8) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтамасын және кадр бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесін ұсынады.




Яндекс.Метрика