НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Құрметті азаматтар!


Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы жекешелендіру құқығы жоқ бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдың 15 ақпанына дейін (қоса алғанда) құжаттарды қабылдауды жариялайды.
«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша, талапкерлер арасында алдын ала іріктеу Астана қаласының әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы өткізеді. «Нұрлы жер» Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы жекешелендіру құқығы жоқ бағдарламасы бойынша, тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға (кезектегілерге) кезек ретімен беріледі.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша, Бағдарламаға қатысушылардың қорытынды тізімі бекітіліп, ол Астана қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында жарияланатын болады.




Яндекс.Метрика