НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

“Еңбек” тұрғын үй бағдарламасы


Құрметті кезектілік күтушілер!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ «Еңбек» бағдарламасы аясында құжаттардың қабылдануы басталғаны туралы хабарлайды.
Бұл бағдарлама не ұсынады?
Солтүстік Қазақстан облысындағы тұрғын үй кешені (Ковыльное ауылы, Новоишим ауылы, Шөптікөл ауылы, Пески ауылы, Разгульное ауылы).
– Үйдің ауданы: 70-90 шаршы метр.
– Бұл пәтерді меншікке жекешелендіру мүмкін бе? – Ия, 5 жылдан кейін болады.
– Ай сайынғы жалдау төлемі: 7000-9000 тг.
Әрбір отбасы мүшесіне 88375 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді.
Шарттары:
– Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйге кезегінде тұру;
– Отбасылық құрамында 3 және одан да көп балалардың болуы;
– Келесі мамандығының болуға тиіс: механик, электрик, ұста, құрылысшы, мал дәрігері, мал шаруашылығын жүргізууші, КАМАЗ жүргізушісі, энергетик.

Егер Сізде жоғарыда аталған мамандық болмаса, тегін оқыту мүмкіндігі ұсынылады.
Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де іске асырылады.




Яндекс.Метрика