НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

“Еңбек” тұрғын үй бағдарламасы арқылы СҚО-ның Жамбыл ауданына қоныс аудару


Құрметті кезектілік күтушілер!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ «Еңбек» бағдарламасы аясында құжаттардың қабылдануы басталғаны туралы хабарлайды.

Бұл бағдарлама не ұсынады?

Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданында тұрғын үй кешені (Архангельска а/о, Благовещенска а/о, Жамбыл а/о,Кладбинска а/о, Казанка а/о, Қайранкөл  а/о, Майбалық а/о, Мирный а/о , Озёрный а/о , Первомайска а/о , Пресновка а/о ,Пресноредут  а/о , Троицк а/о).

– Үйдің ауданы: 70-90 шаршы метр.

– Бұл пәтерді меншікке жекешелендіру мүмкін бе? – Ия, 5 жылдан кейін болады.

– Ай сайынғы жалдау төлемі: 7000-8910 тг.

Әрбір отбасы мүшесіне 88375 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді.

Шарттары:

– Нұр-Сұлтан  қаласында тұрғын үйге кезегінде тұру;

-Отбасылық құрамында 2 және одан да көп балалардың болуы;

-Келесі мамандығының болуға тиіс: Мұғалімдер (ағылшын, математика, физика, бастауыш сыныптар), психолог, логопед, әлеуметтік педагог.педагог, бухгалтер, механизатор, комбайнер, дәнекерлеуші, малшы, вет.дәрігер, жалпы практика дәрігері, дерматолог, кардиолог, анестезиолог-реаниматолог, педиатр, терапевт, сәулелік диагностика дәрігері.

 

Егер Сізде жоғарыда аталған мамандық болмаса, тегін оқыту мүмкіндігі ұсынылады.

Байланыс нөмірі: 8-715-44-2-18-30, 87778957985(Раушан Ергалиевна)

Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де іске асырылады.




Яндекс.Метрика