НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Бүгінгі күннен бастап «Nurly Ertis» және «Еңбек» тұрғын үй бағдарламалары бойынша өтінімдер жаңа мекенжай бойынша қабылданады


Құрметті кезектілік күтушілер!

 

Бүгінгі күннен бастап Екібастұз қаласына қоныс аудару үшін «Nurly Ertis» және Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аудару үшін «Еңбек» тұрғын үй бағдарламалары бойынша өтінімдер жаңа мекенжай бойынша қабылданады: «Жанұя» отбасын қолдау институтын орталығында Бейбітшілік көшесі, 14, «Marden» БО.

Орталық қала тұрғындарына «бір терезе» қағидасы бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. Тұрғындар АӘК, білім алу, жұмысқа орналасу, Жалпы оқыту, өз ісін ашу, балаларды кезекке қою, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т. б. сұрақтарға жауап ала алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету орталығында 30-ға жуық маман жұмыс істейді, сондай-ақ психологтар мен медиаторлар да бар. Мекемеде барлық жағдай жасалған: ерекше күтімді қажеттіліктері бар адамдарға арналған лифтілер бар, орталық қызметкерлері қарайлайтын балалар үшін арнайы ойын аймағы ашылған. Мұнда «Кәсіпкер ана» қала аналарына арналған өз бизнесін дамыту жөніндегі қолдау орталығы жұмыс істейді: мамандар өз ісін ашу бойынша көмек көрсетеді, кәсіпкерлер мотивациялық бизнес-тренингтер өткізеді.

Сонымен қатар, орталық базасында Нұр-Сұлтан қ. әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді, сондай-ақ кесте бойынша азаматтарды қабылдауды аудан әкімдері, басқармалар мен басқа да ұйымдардың басшылары жүргізеді. Орталық жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.




Яндекс.Метрика