НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Жекешелендіруге құқығы жоқ жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама


Құрметті азаматтар!

Ағымдағы жылдың қараша айында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қабылдау басталады.

Өтініштерді қабылдау басталғанға дейін алдын ала, біздің интернет-ресурстарда құжаттарды беру мерзімі туралы және құжаттар қабылданатын портал туралы ақпарат болады.

Сонымен қатар, аталған тұрғын үй тек 5 жылға ғана, атап айтқанда жұмыс істейтін жастарға беріледі. Яғни, 5 жылдан кейін Сіз берілген тұрғын үйді босатуыңыз керек болады. Егер Сіз іріктеу өтіп және Сіз осындай тұрғын үй алсаңыз, тұрып жатқан уақытта ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкінде өз пәтеріңізге алғашқы жарнаға қазірдің өзінде жинақтақтауыңызды ұсынамыз.
Егер бұрын тұрғын үйді жалға алу үшін Сіз ай сайын 90 000 – 120 000 теңге төлеген болсаңыз, осы тұрғын үй үшін 5 000-15 000 теңге төлейтін боласыз, бұл Сізге 5 жыл ішінде өз тұрғын үйіңізді сатып алу үшін қаражат салуға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыс істеп жатқан жастардың өз баспанасына жинақтау мүмкіндігін алуы үшін мемлекеттің қолдауы.

Құжаттарды беру тәсілі: тек электронды.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: Қараша
2019 жылға арналған пәтерлер саны: 1050
Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй
Тұрғын үй келесі мерзімге беріледі: 5 жыл, ұзарту құқығынсыз
Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000 – 15 000 теңге

Қатысушылар үшін негізгі шарттарды естеріңізге сала кетейік:

– ҚР 29 жасқа дейін азаматы;
– аяқталған орта/орта-арнайы/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналастыру;
– соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тіркеу;
– өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сондай-ақ құлау (құлау) қаупі бар авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш беру алдындағы 2 (екі) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
– төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы кіріс соңғы 6 айда кемінде 101 000 теңге);

Қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш.
2. Жеке куәліктің көшірмесі.
3. Дипломның көшірмесі.
4. Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).
5. Балалардың туу туралы куәлігінің (терінің) көшірмесі (бар болса).
6. Өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7. Жұмыс орнынан анықтама.
8. Соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама (табысы 40 АЕК немесе 101 мың теңгеден кем болмауы тиіс).
9. Еңбек өтілін растайтын құжаттар.
10. Банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама.
11. Банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді.
12. Өтініш берушінің жеке жетістіктері туралы құжаттар (бар болса).
13. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы (отбасының барлық мүшелеріне).

Бұдан әрі әкімдік он жұмыс күні ішінде балдарды есептеп, үміткерлердің тізімін жасайды. Балл неғұрлым көп болса, пәтерді алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары.

Не үшін ұпайлар есептеледі:
1. Егер Сіздің кәсіпіңіз «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган бекіткен қажетті 100 мамандық тізіміне кіретін болса — 10 балл.
2. Отбасы болған жағдайда -5 балл.
3. Жеке кәсіпкерлік қызметті кемінде бір жыл жүзеге асырған кезде – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;
4. Некеде тіркелген әрбір жыл үшін – 2 балл.
5. 1 (бір) бала болған жағдайда – 1 балл, әрбір кейінгі бала үшін – 2 балл;
6. Әр түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда – 2 балл.
7. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы жұмыс үшін – 5 балл, жұмыс өтілінің әр жылы үшін-1 балл.
8. Депозиттегі жинақтардың әрбір жылы үшін – 2 балл.




Яндекс.Метрика