Құрметті азаматтар!
Осы жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды ұсынамыз:
1) Ерлі-зайыптылардың екеуінеде кемінде 29 жас болуы тиіс пе немесе тек үміткерге ме?
-Тек үміткерге.
2) Бала күтімі бойынша демалыста жүрген үміткерлер қатыса ала ма?
– Жоқ.
3) Жұмысқа орналастыру ресми болу керек пе?
– Иә
4) Жоғары немесе орта-арнайы білімі міндетті түрде ме?
– Жоқ, 11 жылдық мектеп аттестатымен қоса аласыз.
5) Табыс қолына 101 000 теңге болуы керек немесе жалақы ма?
– Жалақы. Мысалы, егер Сізде жалақы 105 000 теңге болса, ал қолыңызға 90 000 теңге алсаңыз,онда сіз өтесіз.
6) Зейнеткерлік төлемдер міндетті ме?
– Иә
7) 101 000 ерлі-зайыптылардың екеуінің де жиынтық табысынан шығуына бола ма?
– Жоқ. Құжаттарды тапсыратын үміткердің соңғы 6 айдағы жалақысы 101 000 теңгеден кем болмауы тиіс.
8) Біз жұбайымен екеуі де осы бағдарламаның талаптарына толық сәйкес келеміз, мүмкіндікті арттыру үшін құжаттарды жеке тапсыра аламыз ба?
– Иә, алайда үміткерлерді іріктеу барысында бір отбасынан екі үміткерге жеке-жеке тұғын үй ұсынылмайды.
9) АӘК, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу және т. б. Табыс есептелінеді ме?
– Мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ өтініш берушінің табысы болып саналады және төлем қабілеттілігін есептеу барысында ескертіледі.
10) Осы бағдарлама бойыша тұрғын үй алғаннан кейін, басқа да ҚТҚЖБ арқылы «Нұрлы жер», «Баспана хит» және 7-20-25» сияқты бағдарламаларға қатыса аламын ба?
– Сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұғын үй 5 жыл мерзіміне беріледі. Содан кейін Сіз кез-келген тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға құқығыңыз бар.
11) Егер мен әскери қызметші ретінде тұрғын үй төлемдерін алатын болсам, қатыса аламын ба?
Жоқ.
12) Тұрақты тіркеу кемінде 2 жыл, ал мен тіркеу мекенжайымды жақында ауыстырған болсам?
– Иә. Бірақ, Сіз жақында қала ішіндегі мекенжайыңызды өзгерткен болсаңыз, мысалы, соңғы 2 жылда Нұр-Сұлтан қаласында Куйші Дина көшесінен Қабанбай батыр көшесіне болса, онда Сізге тіркеу орындарын егжей-тегжейлі көрсете отырып, көші-қон полициясынан қосымша анықтама беруіңіз қажет, сонда Сіз өтесіз. Егер Сіз соңғы 2 жыл ішінде тіркеуді басқа қалаға өзгерткен болсаңыз, онда сіз өтпейсіз.
13) Жылжымайтын мүлікті сату сәтінен бастап 5 жыл немесе 2 жыл өтуі тиіс?
– 2 жыл.
14) Соңғы 2 жыл ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің менде болмағандығы туралы анықтаманы қайда береді?
– Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, мекенжайы: Р.Қошқарбаев даңғылы, 39. Шарттық қатынастар бөлімі.
15) 2 жыл тұрақты тіркеуі тек өтініш берушіде болуы тиіс пе немесе барлық отбасы мүшелерінде ме?
– Тек өтініш берушіде.
16) Егер үміткер барлық талаптар бойынша сәйкес келсе, бірақ ресми түрде басқа қалада жұмыс істесе, ол құжаттарды тапсыра алады ма? (Мысалы, басқа қалада вахталық әдістегі жұмыс)
– Иә, мүмкін. Егер тұрақты тіркеуіңіз Нұр-Сұлтан қаласында 2 жылдан кем болмаса.
17) Жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы анықтама Нұр-Сұлтан қаласы бойынша болуы тиіс немесе Қазақстан Республикасы бойынша ма?
– ҚР бойынша.
18) Егер өтініш беруші өтінішті 28 жасында тапсырса, ал ол 2 күннен кейін 29 жасқа толса оның өтініші қарастырылатын болады ма?
-Құжаттарды тапсыру және конкурстық рәсімдердің өтуі кезінде өтініш берушіге 29 жас болмауы тиіс.
19) Үміткердің жасы 29 жасы қоса алғанда ма?
– Жоқ, құжаттарды тапсыру сәтінде Сізге 29 жас болмауы тиіс.
20) Егер мен некеде тұрмасам (үйленбеген) және балаларым жоқ болса, қатыса аламын ба?
– Иә, қатыса аласыз.
21) Міндетті түрде мемлекеттік қызметте жұмыс жасауы керек пе?
– Жоқ, барлық ресми жұмысқа орналастырылған адамдар қатыса алады.
22) Депозит ҚТҚЖБ-да болуы тиіс пе немесе кез келген банктен бе?
– Екінші деңгейдегі кез келген банкте.
23) Мен Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрмын, егер мен осы бағдарлама бойынша өтіп және уақытша пәтерді алсам, мені кезектіліктен шығарады ма?
– Иә, тұрғын үй кезектілігінен шығарады.