НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Тұрғын үй орталығы «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге 2-9 желтоқсан арасында құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды


Тұрғын үй орталығы «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына келесі санаттар жатады:

1) жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

3) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

5) кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

6) жасына байланысты зейнеткерлер;

7) жетім балалар;

8) қандас;

9) экологиялық зілзалалар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

10) қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар.

Пәтерлердің жалпы саны 309, оның ішінде:

165 бір бөлмелі пәтер (34-36 ш.м.);

141 екі бөлмелі пәтер (48-51 ш.м.);

3 үш бөлмелі пәтер (68 ш.м.);

Пәтерлердің жалпы көлемінен 93 пәтер «жетім балалар» санатына берілетін болады.

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;

Орналасқан жері: Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай Сарыбұлақ ағысының бойындағы Б-7 Лот;

Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000-нан 15 000 теңгеге дейін;

Қабылдау күні: 2020 жылғы 2 желтоқсаннан бастап қоса алғанда 9 желтоқсанға дейін;

Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде («Онлайн сервистер» – «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінім беру» бөлімі) zhilfond.kz сайты арқылы жүргізіледі;

Шарттары: «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұру.

Іріктеу «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша тұрғын үй кезегіне қою күні мен отбасы құрамы бойынша кезекте тұрғандардың қатысуға құжаттарын тапсырғандар арасында өтеді.

Өтініш беру үшін Сізде болуы керек:

1) ЭЦҚ кілті;

2) отбасы мүшелері балаларының туу туралы куәлігі/жеке куәлігі сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);

3) мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда).

Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz сайтында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Сұрақтар-жауаптар:

  1. Тұрғын үйдің бұл түрі қанша жылға беріледі? – Аталған тұрғын үйді берген кезде Сізбен ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады. Тиісінше, Сіз әр 5 жыл сайын жалдау шартын қайта жасасу арқылы шексіз уақыт өмір сүре аласыз.
  2. Мен неше бөлмелі пәтерге өтініш беруді таңдай аламын ба? – Жоқ, бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына сәйкес жасалады.

Мен толық емес отбасымын, бірақ «Көп балалы отбасы», «Мемлекеттік қызметші» және т.б. ретінде тұрғын үйге кезекте тұрмын, өтінім бере аламын ба? – Жоқ, тек «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар ғана өтінім бере алады.




Яндекс.Метрика