НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Тұрғын үй орталығы көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды.


Тұрғын үй орталығы көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды.
Бұл бағдарламаға “Көп балалы отбасылар” санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған көп балалы отбасылар (тек осы санат) қатыса алады.
Пәтерлердің жалпы саны 161, оның ішінде:
Екібөлмелі пәтерлер (51-77 ш.м.);

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;

Орналасқан орны: Р. Қошқарбаев даңғылы; Е430 көшесі; Омаров көшесі; Ж. Нәжімеденов көшесі; А-91 көшесі; Қошқарбаев даңғылы;Махтумкули көшесі.
Қабылдау күні: 2020 жылғы 15 желтоқсанның 12:00-ден бастап қоса алғанда 23 желтоқсанның 00:00-ге дейін;
Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде («Онлайн сервистер» – «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінім беру» бөлімі) zhilfond.kz сайты арқылы жүргізіледі;

Шарттары: Нұр-Сұлтан қаласында «Көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұру.
Іріктеу тұрғын үй кезегіне қою күні мен отбасы құрамы бойынша «Көп балалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрғандардың қатысуға құжаттарын тапсырғандар арасында өтеді.
Өтініш беру үшін Сізде болуы керек:
1) ЭЦҚ кілті (ЭЦҚ-ны үйден шықпай-ақ қалай алуға болатындығын бұрын посттан қараңыз);
2) отбасы мүшелері балаларының туу туралы куәлігі/жеке куәлігі сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
3) мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда).
4) барлық отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша мүліктің жоқтығы/бары жайлы анықтама;
5) некені қию/бұзу/өлім/ ф-4 анықтамасы (бар анықтаманы саласыз).
Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz сайтында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Жауаптар-сұрақ:
Тұрғын үйдің бұл түрі қанша жылға беріледі? – Аталған тұрғын үйді берген кезде Сізбен ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады. Тиісінше, Сіз әр 5 жыл сайын жалдау шартын қайта жасасу арқылы шексіз уақыт өмір сүре аласыз.

Мен неше бөлмелі пәтерге өтініш беруді таңдай аламын ба? – Жоқ, бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына сәйкес жасалады.

Мен көп балалы отбасымын, бірақ «Толық емес отбасы»/ «мемлекеттік қызметші» және т.б. ретінде тұрғын үйге кезекте тұрмын, өтініш тапсыра аламын ба? – Жоқ, тек «Көп балалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар ғана өтініш бере алады.




Яндекс.Метрика