«Сатып алу құқығы жоқ жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы
Осы бағдарлама не ұсынады?
- Жекешелендіруге құқығы жоқ жалдамалы тұрғын үй
Шарттары:
- Тұрғын үй кезегінде әлеуметтік жағынан осал, көпбалалы отбасы немесе жетім балалар санаты бойынша тұру
- Ниет білдіруші кезектілікте тұрғандар қатысуға өтініш береді.
- Таңдау кезектілікке қою күніне байланысты қарастырылады. Яғни, өтініш бергендерден кезектілікте бұрын тұрғандар өтеді
- Жалдау шарты 5 жылға созу мүмкіндігімен жасалынады
- Осы тұрғын үйде сіз өмір бойы тұра аласыз, ал қажет жағдайда жалдау шартында көрсетілген отбасы мүшелеріңіз шартты өз атына аудара алады
Ай сайынғы жалға алу төлем бағасы 5000-10000 тенге аралығында
Бағдарланың басталуы жайлы ақпарат мекеменің ресми интернет-ресурстарда жарияланады