НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Р. Қошқарбаев к., 39
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Шаңырақ» бағдарламасын жүзеге асырады.


Бүгіннен бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыттарының бірі «Шаңырақ» «5-10-20» бағдарламасын жүзеге асырады.

Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиені бірінші кезеңде, баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986-2010 жылдар аралығында әкімдік кезегіне тұрған ҚР азаматтары ала алады.

– жылдық мөлшерлемесі 5 пайыз;

– 10 пайызына тең соманы бастапқы жарна;

– несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін.

 Сондай-ақ, соңғы 6 ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспайтын (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап КМ – 32 668 теңгеге тең) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығы мен басқа да міндетті аударымдарды есептемегенде) болуы талап етіледі. Яғни, 2020 ж. отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс.


Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу үшін өтініштерін 2020 жылдың 17 тамызынан бастап 16 қыркүйегіне дейінгі аралықта тек hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірше банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты.

Ол үшін:
• hcsbk.kz сайтындағы «Пилоттық жоба «Шаңырақ» бөліміне кіру қажет
• «Тексеріп, өтініш беру» батырмасын басу керек
• электрондық өтінішті толтыру қажет


Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңа соғылған үйлерден ғана алуға болады. Бұл «5-10-20» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер соғып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары соққан үйлер. Соңғысының тізімін hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады.


Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі бойынша келесі баға мөлшерлері белгіленген: 220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтан қаласында. «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының» кепілдігі болған жағдайда, пәтерді жеке құрылыс компаниялары ұсынған үйлерден де сатып алуға болады. Ең жоғары заем сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың төңірегінде орналасқан аймақтарда 18 млн теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында 15 млн теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 12 млн теңгеге дейін.


Биыл «Шаңырақ» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның 90 млрд теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Осы бюджетке сәйкес, біз еліміздің шамамен 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлар отырмыз.

Барлық сұрақтар бойынша банктің колл-центр 300 нөмірі бойынша хабарласып біле аласыз.




Яндекс.Метрика