НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

“Шаңырақ”(5-10-20) бағдарламасы аясында бастапқы жарнаны өтеуге арнауға ұсынылатын 1 млн.тенге көлеміндегі тұрғын үй сертификаты


«Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы аясында «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн. теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификатын ұсыну жоспарлануда.

«Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатына жататындар:

– жетім балалар;

– 1 және 2 топтағы мүгедектер;

– толық емес отбасылар;

– көп балалы отбасылар;

– мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

– жасына байланысты зейнеткерлер;

– оралмандар;

– ҰОС ардагерлері;

– жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

– басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

– кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

– экологиялық зілзалалар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

– мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

Бүгінгі таңда «5-10-20» бағдарламасына 2015 жылға дейін (қоса алғанда) тұрғын үй кезегінде тұрған барлық санаттар қатыса алады.

Осы бағдарлама аясында тұрғын үй сертификатын алу үшін Сізге керек:

– ТҚЖБ сайты арқылы бағдарламаға қатысуға өтінім беру;

– банкте төлем қабілеттілігін бағалаудан өту;

– бастапқы нарықта пәтер табу;

– банктен тұрғын үй сертификатын аудару үшін реквизиттері бар хабарлама алу; Барлық осы кезеңдерден өткеннен кейін ғана Сіз банктен хабарлама ала отырып, Р. Қошқарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша орналасқан    Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі азаматтарды есепке алу бөліміне тұрғын үй сертификатына жүгінесіз.




Яндекс.Метрика