НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

“Шаңырақ «5-10-20»” бағдарламасының үшінші кезеңі басталды


Достар, біз қуанышты жаңалығымызбен бөліскіміз келіп отыр!

Бүгін Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасының үшінші кезеңі басталды. Енді жобаға 2016-2017 жылдар аралығында әкімдіктердің тұрғын үй кезегіне тұрған азаматтар да қатыса алады.

Осылайша бағдарлама 1986-2017 жылдар аралығында баспанаға мұқтаж жан ретінде тіркелген азаматтардың барлығын бірдей қамтымақ.

Осы уақытқа дейін 37 910 өтініш қабылдап үлгердік, онымен тоқтамаймыз! Егер сіз де аталған жылдар аралығында жергілікті атқарушы билік органдарына кезекке тұрған болсаңыз, нарықтағы ең төменгі пайызбен тұрғын үй займын алуға асығыңыз!

Еске саламыз, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5%-бен заем алу үшін сізге жергілікті әкімдікте баспана кезегінде тұру керек; отбасы мүшелеріне есептегендегі ай сайынғы табыс 101 270 теңгеден аспауы қажет және де заем сомасынан 10% көлемінде бастапқы жарна салу міндетті. Сондай-ақ, банк клиенті болмасаңыз да, өтініш бере аласыз.

✔Өтінішті қабылдау тұрғын үй жинақ банкінің hcsbk.kz сайты арқылы жүргізіледі.

⚠Барлық сұрақтар бойынша банктің колл-центріне 300 нөмірі бойынша хабарласыңыз.




Яндекс.Метрика