НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

ЖАО кезегiнде тұрған тұлғаларға арналған бағдарлама


Достар, егер Сіз ЖАО (акимат) кез келген санаты бойынша баспана кезегінде тұрған болсаңыз Отбасы Банкі арқылы «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы арқылы тұрғын үй сатып алуыңызға болады!

Төмен бастапқы жарна – бар болғаны 10%,
Несие мөлшерлемесі – 5% (ЖТМ 5,2% – дан бастап),
Несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.

Бағдарлама бойынша отбасының 1 мүшесіне шаққандағы табысты 3,1 ЕТКМ-ден 3,7 ЕТКМ-ге дейін ұлғайды, яғни 2021 жылы отбасының бір мүшесіне шаққандағы табыс мөлшері 126 917 теңгеден аспауға тиіс.⠀

Мысалы, егер анасы мен әкесі жұмыс жасайтын отбасы 2 бала тәрбиелеп отырса, онда табыс келесі жолмен есептеледі:

Анасының табысы (120 000 теңге) және әкесінің табысы (250 000 теңге) қосылады.
Отбасының жалпы табысы 370 000 теңге отбасының төрт мүшесіне бөлінеді.

Бұл жағдайда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы сома 92 500 теңгені құрайды, бұл лимиттен яғни 3,7 ең төмен күн көріс деңгейінен (126 917 теңге) аспайды және бұл бағдарлама бойынша несие алуға мүмкіндік береді.

Отбасы банкінің клиенті немесе әлі клиенті емес Мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тұрған азаматтардан өтініш тек hcsbk.kz сайты арқылы қабылданады.

Ол үшін:

– hcsbk.kz сайтындағы – Қолжетімді баспана бөлімін таңдау;
– «Шаңырақ» пилоттық жобасы» пернесін басу;
– «тексеру және өтінім беру» батырмасын басу;
– электрондық өтініш формасын толтыру керек.

Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек алғашқы нарықта сатып алуға болады:

-ЖАО-ның «Шаңырақ» жобасы бойынша салынып жатқан несиелік тұрғын үйлер,
– «Нұрлы» жер бағдарламасы бойынша салынып жатқан несиелік тұрғын үйлер,
– Сондай-ақ жеке құрылыс компаниялары салған жаңа үйлерден пәтер.

Әлеуметтік жағынан осал топ санаты бойынша тұрған азаматтарға бастапқы жарнананы жабуға 1 млн тенге тұрғын үй сертификатыұсынылады.

“Шаңырақ” бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

@otbasy_bank_kz




Яндекс.Метрика