НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ
«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ

  Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32 ("Ишим" БО)
  +7 (7172) 28-09-59
  info@zhilfond.kz
  Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
  Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
  Yзіліс: 13:00-14:30

“Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй”бағдарламасының нәтижелері.


Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жастары!
zhilfond.kz сайтында “Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй” бағдарламасы бойынша өткендердің тізімі жарияланды.

Үш тізім:

“Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы” ММ деректеріне сәйкес 2021 жылы 800 пәтер сатып алынды және бұл пәтерлер саны 2021 жылы бөлінетін болады.
Нысандар келесі мекен-жайда орналасқан:


Кенесары және Сембинов көшелерінің қиылысы ауданында-213 пәтер, оның ішінде:
1 бөлмелі пәтерлер– 144. Жалпы ауданы: 40,0 – 49,5 кв.м.
2 бөлмелі пәтерлер – 69. Жалпы ауданы: 56,7 – 58,7 кв.м.

Абылай хан, Б. Момышұлы және Р. Қошқарбаев даңғылдарының қиылысы ауданында-587 пәтер – оның ішінде:
1 бөлмелі пәтер – 378. Жалпы ауданы: 40,0 – 48,8 ш.м.
2 бөлмелі пәтерлер– 209. Жалпы ауданы: 55,9 – 57,5 ш.м.

Өтінім берген қатысушылар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізілді, ал пәтерлерді бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына сәйкес жүргізілетін болады.
Бағдарламаның барлық қатысушыларына «Іріктеуден өтті», «Резерв» немесе «Бас тартылды» смс-хабарламалар жіберілетін болады.
Қоныстандыру уақыты және күні, бағдарлама бойынша өткендерге арналған пәтердің орналасқан жері қосымша хабарланады және толық ақпарат сәл кейінірек порталдағы іріктеуден өткен өтініш берушінің qatysu.zhilfond.kz Жеке кабинетінде орналастырылады.

НАЗАР аударыңыз! “Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй” бағдарламасы бойынша қоныстандыру объектінің және жалдау шарттарының дайын болуына қарай жарияланатын қоныстандыру кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.





Яндекс.Метрика