• info@zhilfond.kz
  • +7 (7172) 28-09-59
  • ҚАЗАҚША
  • РУССКИЙ
  • САЙТ ТІЛІ
    • ҚАЗАҚША
    • РУССКИЙ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МЕКЕМЕ ТУРАЛЫ
    • Жалпы ақпарат
    • Басшылық
    • Бюджет
    • Азаматтарды қабылдау кестесі

    • Мемлекеттік рәміздер
  • ТҰРҒЫН ҮЙ
    • Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болатындығы туралы
    • Тұрғын үй бойынша сұрақтар
  • MҰРAFAT
    • 2022 ж. кезекте тұрғандардың тізімі
  • БАЙЛАНЫСТАР
ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАР       ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТТЕР

«Сатып алу құқығымен жалдамалы пәтер» бағдарлама

Кім қатыса алады?

- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- мәдениет;
- спорт;
- әлеуметтік қызметкерлер;
- полиция органдары;
- ТЖ органдарының

қызметкерлері қатыса алады


Кезекте тұру міндетті ме?

Иә, міндетті.


Кезекте «Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері» санаты бойынша тұру міндетті ме?

Жоқ, кез-келген санат болуы мүмкін.


Қандай табыс болуы қажет?

Сіз отбасыңыздың құрамына қарамастан, кез келген пәтер түріне (1 бөлмелі, 2 бөлмелі, 3 бөлмелі) үміткер бола аласыз. Дегенмен, Сіз таңдаған пәтер түрін алуға мақұлдау Сіздің төлем қабілеттілігіңізге тікелей байланысты.

Мысалы:

1 бөлмелі пәтер

Жалпы ауданы – 37 ш.м.,
Шаршы үшін төлем – 1455 тг.,
Жалпы төлем – 53 835 тг.,
Отбасына шамамен алынған табыс – 110 000 тг. (өзге міндеттемелерді есепке алмағанда).

2 бөлмелі пәтер

Жалпы ауданы – 62 ш.м.,
Шаршы үшін төлем – 1455 тг.,
Жалпы төлем – 90 210 тг.,
Отбасына шамамен алынған табыс – 190 000 тг. (өзге міндеттемелерді есепке алмағанда)
.

3 бөлмелі пәтер

Жалпы ауданы – 100 ш.м.,
Шаршы үшін төлем – 1455 тг.,
Жалпы төлем – 145 500 тг.,
Отбасына шамамен алынған табыс-300 000 тг. (өзге міндеттемелерді есепке алмағанда).

Сіздің табысыңызды ескере отырып, «ҚТК» АҚ төлем қабілеттілігін тексеру кезінде Сіз таңдаған тұрғын үй алаңын мақұлдамауы мүмкін.

Назар аударыңыз, Сізде тек бір рет өтініш беру мүмкіндігі бар, пәтердің түрін өзгерту және екінші рет өтініш беру мүмкін емес.


Жалдау мерзімі қандай?

Жалдау мерзімі 20 жылға дейін. Ай сайынғы жалдау төлемі пәтер төлеміне қосылады.


Ертерек өтеуге бола ма?

Иә, жалдамалы тұрғын үйді ішінара мерзімінен бұрын өтеу және мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі бар.


Алғашқы жарна қажет пе?

Тұрғын үй беру мақұлданса, жалдау шарты бойынша тұрғын үйдің жалпы құнынан 1% мөлшерінде біржолғы төлем жасау қажет.


Жалдау ақысы нені қамтиды?

Жалдау ақысына қызмет көрсету мен коммуналдық қызметтердің құны, жылжымайтын мүлікті күтіп ұстауға, жөндеуге және салықты қайтару шығындары кірмейді.


Астана қаласында тұрақты тіркеуде болуы міндетті ме?

Міндетті, тұру мерзіміне қарамастан.


Меншік құқығында тұрғын үй болған жағдайда қатысуға бола ма?

Жоқ, қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде ҚР аумағында тұрғын үй болмауы керек.


Егер жатақхана бөлмесі болса қатысуға бола ма?

Иә, егер бөлменің пайдалы алаңы әрбір отбасы мүшесіне 15 ш.м-ден аз болса.


Бағдарламаға қалай қатысуға болады?

Бағдарламаның басталуы жайлы ақпарат zhilfond.kz сайтында жарияланатын болады.


Қандай құжаттар қажет?

Жұмыс орнынан сканерленген анықтама анық, қол қойылған және фирмалық бланкіде.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ
Астана қ., Республика данғ.,32
Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
Yзіліс: 13:00-14:30

Яндекс.Метрика