1. Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Астана қаласы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне тұрғын үй беру, мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алу және ұстау бойынша функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес мекеме болып табылады.
2. Мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Мекеме Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 158-902 қаулысымен құрылды.
4. Мекеменің құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі болып табылады.
5. Мекеменің уәкілетті органы «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
6. Мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Жилищный фонд» акимата города Астаны.
7. Мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Z00T0X1, Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, Республика даңғылы, 32.
8. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
9. Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
10. Мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
11. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
12. Шарттық міндеттемелер бойынша Мекеменің жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мекеменің күтілуін қаржыландыру жоспарының шеңберінде белгіленеді.
13. Мекеме қызметінің мәні Астана қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алу және ұстау болып табылады.
14. Мекеме қызметінің мақсаты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мониторингін жүргізу, коммуналдық тұрғын үй қорының және Мекеменің тұрғын үй қорының теңгерімдік күтілуін қамтамасыз ету, Мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру бойынша шарттарды жүргізу болып табылады.
15. Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж болып жүрген қала тұрғындарына мониторинг пен талдау жүргізу;
3) коммуналдық тұрғын үй қорынан және Мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шарттарының, Мекеменің ведомстволық мұрағатындағы басқа да шарттардың телнұсқасын беру, сондай-ақ құқық белгілеуші құжаттарға түзетулер мен түсіндірулерді енгізу;
4) пәтерлерді коммуналдық тұрғын үй қорына немесе Мекеменің тұрғын үй қорына тапсыру кезінде азаматтарды кіргізуге пәтерлердің дайындығын тексеруді ұйымдастыру;
5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шарты бойынша жалға алушылардың жалдау ақысын төлеу бойынша міндеттемелерінің орындалуына, тұрғын үйдің мақсатты пайдалануына мониторинг жасау;
6) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру шарты бойынша азаматтардың міндеттемелерін орындауына, жекешелендіру жарнасын енгізуіне мониторинг жасау;
7) иесіз тұрғын үй жайларын табу, оларды мемлекеттік тұрғын үй қорына қосу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шараларды қолдану;
8) жалға алушыларда басқа тұрғын үйдің болуын, отбасы құрамының өзгертілуін және жасасқан шарттарды іске асыру үшін маңызы бар басқа да жағдайларды анықтап, мониторинг жасау;
9) құжаттар мұрағатын ұстау;
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж есебінде тұрған азаматтарды кезектіліктің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттандыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес Мекеменің тұрғын үй қорынан жалдау (жалға алу) бойынша шарттарды жасасу және беру;
12) Астана қаласының соттарында талап қоюшы, жауапкер, үшінші тұлға және мүдделі тұлға ретінде тұрғын үйге меншік құқығын тану және тұрғын үй туралы заңды фактіні белгілеуге қатысты мүдделерін білдіру мәселелері, сонымен қатар барлық процессуалдық құқықтармен, соның ішінде шағым беру және қол қою құқығымен, талаптарды толығымен немесе ішінара бас тарту құқығымен, талаптың мәнін өзгерту құқығымен тұрғын үй қорын басқару туралы, сот шешімдеріне, ұйғарымдарына, апелляциялық, кассациялық және қадағалау инстанцияларының сот актілеріне шағым жасау және сот актілерін орындау үшін ұсыну, сот актілерін орындау талаптары, соттаушылардан және барлық құзыретті органдар мен ұйымдардан барлық қажетті өтініштер мен өтініштерге қол қою құқығымен құжаттарды сұрату;
13) коммуналдық тұрғын үй қорының және Мекеменің тұрғын үй қорының теңгерімдік күтілуі;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа қызмет түрлерін жүзеге асыру.
16. Мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
17. Мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
18. Құрылтайшы Мекемеге мүлікті бекітіп береді, Мекеме жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
19. Мекемені жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
20. Мекемені директор басқарады, оны лауазымына тағайындалуы мен босатылуы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
21. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) Мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) Мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын анықтайды және бекітеді;
4) Мекеме директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
5) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
22. Мекеменің директоры Мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады және Мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
23. Мекеменің директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
24. Мекеме директорының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
25. Мекеменің қызметін жүзеге асыруы барысында Мекеме директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) Мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты жоспарларын бекітеді;
6) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
8) Мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
9) өз орынбасарларының және Мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
10) Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шараларды дербес жауапкершілікті орнатумен жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте ішкі тәртіп ережелерін бекітеді;
12) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
26. Мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған құрылтайшы берген мүлік;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.
27. Мекеме оған бекітілген мүлік пен оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
28. Мекеменің мүлкі оған жедел басқару құқығы бойынша тиесілі және Астана қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
29. Мекеменің қызметі уәкілетті органның бюджетінен қаржыландырылады.
30. Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
31. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
32. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу тәртіптемесін өтеді.
33. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
34. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Мекеменің мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.
35. Таратылған Мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.