• info@zhilfond.kz
  • +7 (7172) 28-09-59
  • ҚАЗАҚША
  • РУССКИЙ
  • САЙТ ТІЛІ
    • ҚАЗАҚША
    • РУССКИЙ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МЕКЕМЕ ТУРАЛЫ
    • Жалпы ақпарат
    • Басшылық
    • Бюджет
    • Азаматтарды қабылдау кестесі

    • Мемлекеттік рәміздер
  • ТҰРҒЫН ҮЙ
    • Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болатындығы туралы
    • Тұрғын үй бойынша сұрақтар
  • MҰРAFAT
    • 2022 ж. кезекте тұрғандардың тізімі
  • БАЙЛАНЫСТАР
ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАР       ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТТЕР

Тұрғын үй бойынша сұрақтар

Мемлекеттен тұрғын үй алуға кім құқылы?

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр Ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар қамтылуға тиіс.

4) халықтың әлеуметтік осал топтары

5) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жатады;

6) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары.


Халықтың әлеуметтік осал топтарына кімдер жатады?

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

1-2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар жатады;

5) жасына байланысты зейнеткерлер;

6) Кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде жасы мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады;

7) қандастар;

8) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

9) “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр Ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;

10) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар.


Уақытша тіркеу туралы анықтама тұрғын үйге кезекке қою үшін жарамды ма?

Жоқ. Қазақстан Республикасының азаматтарын Республикалық маңызы бар қалаларда немесе астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұру талап етіледі. Осылайша, уақытша тіркелген азаматтар құжаттарды тұрғын үй кезегіне тапсыра алмайды.


Тұрғын үйге кезекке тұру үшін құжаттарды қайда тапсыру керек?

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою туралы өтініштерді қабылдау kezekte.kz портал арқылы электрондық түрде ғана жүзеге асырылады.


Жеңілдікті шаршы метр қалай беріледі?

“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның № 67, 74, 80 баптарының нормаларына сәйкес Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй осы елді мекенде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының мұқтаж азаматтарына жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік мекеме не кәсіпорын арасында жасалған жалдау (жалға алу) шарты бойынша барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген кезден бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.


Өтеусіз жекешелендіруге кімнің құқығы бар?

“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 13 бабының 8 тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Тұрғын үй берілген Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда, оны тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;

2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;

4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;

5) Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;

6) Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;

7) әскери қызметшілерді және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған қызметкерлерді қоспағанда, күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары жиырма және одан да көп әскери қызметшілерді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін;

7-1) “Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің отбасы мүшелері, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелері, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ішкі істер органдарында қызмет өткеру;

8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер құқылы. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған)адамның мұрагерлеріне ауысады;

9) саяси қуғын-сүргіндер құрбандары, сондай-ақ “жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар;

10) күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары жиырма жыл және одан көп Ішкі істер органдарының қызметкерлері және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған қызметкерлерді қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары жиырма жыл және одан көп қызметкерлер, сондай-ақ күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары он жыл және одан көп және асырауында мүгедек балалары бар қызметкерлер. Ішкі істер органдарының берілген қызметтік тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар зейнеткері қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.


Қандай жағдайларда тұрғын үй кезегінен шығаруға болады?

1) егер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру үшін негіздер жойылса;

2) басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен немесе мемлекеттік кәсіпорында немесе мемлекеттік мекемеде еңбек қатынастарын тоқтатқан жағдайларда тоқтатылады;

3) азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждығы туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер ұсынған жағдайларда тоқтатылады;

4) жер учаскесін алған және өзінің тұрғын үйін салуды аяқтаған немесе тұрғынжай сатып алған кезде;

5) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай алған жағдайларда берілмейді.


Тұрғын үйді жекешелендіру дегеніміз не?

Тұрғын үйді жекешелендіру деп азаматтардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлеріндегі өздері тұратын тұрғын үй-жайларды меншігіне сатып алуы түсініледі (“Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 2 бабының 31 тармақшасы).

Бұл ретте, көрсетілген Заңның 2 бабының 22 тармақшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қоры деп тұрғын үйлер түсініледі:

мемлекетке меншік құқығымен тиесілі;

коммуналдық тұрғын үй қорына кіретіндер;

мемлекеттік кәсіпорынның кіріс тұрғын үй қоры;

мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорына кіретіндер.


Тұрғын үйді жекешелендіру үшін не істеу керек?

“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 13 бабына сәйкес тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіру келесі шарттар сақталған кезде мүмкін болады деп белгіленген:

1) тұрғын үйді жекешелендіру туралы оның жалдаушысы мәлімдеді;

2) жекешелендірілетін тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй қорының құрамына кіреді;

3) жалға алушының отбасының кәмелетке толған барлық мүшелері отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің құқықтарын ескере отырып, тұрғын үйді жекешелендіруге келісім берді.

4) “тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 2 бабының 6) тармақшасына сәйкес тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алатын тұрғын үйді жалдау шартындағы тұлға, тарап Жалдаушы (Жалға алушы) деп түсініледі.


Халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген тұрғын үйлерді жекешелендіру

“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 98 бабының 1 тармағына сәйкес сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді қоспағанда, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдаушы осы Заңда көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендіруі мүмкін.


Қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіру

“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 2 бабының 20 тармақшасына сәйкес қызметтік тұрғын үй деп мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасы азаматтарының қоныстануына арналған ерекше құқықтық режимдегі тұрғын үй түсініледі.

Қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 109 бабы 2 тармағының негізінде жүзеге асырылады, оған сәйкес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен судьялар, егер олар мемлекеттік қызметте, бюджеттік ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзімін қоса алғанда) кемінде 10 жыл жұмыс істеген жағдайда, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.

Аталған бап, сондай-ақ жұмыс мерзіміне қарамастан, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіруі мүмкін болатын жағдайларды, еңбек қатынастары мынадай жағдайларда тоқтатылған кезде де белгілейді:

1) ұйым таратылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда;

2) одан әрі жұмысқа кедергі келтіретін ауруына байланысты;

3) зейнетке шығуына байланысты.

4) қызметтік тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс мерзіміне қарамастан, оның отбасы мүшелеріне ауысады.

Қызметтік тұрғын үйді Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы азамат, егер ол аталған пәтерде кемінде 5 жыл тұрса, жекешелендіруі мүмкін.


Қызметтік тұрғын үйлерге теңестірілген тұрғын үйлерді жекешелендіру

“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 101 бабының 3 тармағында мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттік ұйымдарда (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзімін қоса алғанда) кемінде 10 жыл (жиынтығында) жұмыс істеген болса, өздері тұратын, қызметтік тұрғын үйлерге теңестірілген тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіре алады деп белгіленген.

Қызметтік тұрғын үй сияқты, қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үй үшін еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда жекешелендіру тәртібі негіз бойынша көзделген:

1) ұйымды тарату, қызметкерлер санын немесе штатын қысқарту;

2) одан әрі жұмысқа кедергі келтіретін ауруына байланысты;

3) зейнетке шығуына байланысты.

Бұл жағдайда еңбек мерзімінің ұзақтығы маңызды емес.

Әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері осы елді мекенде қызмет өткеру кезеңінде өздеріне берілген қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйді мынадай жағдайлардың бірі болған кезде жекешелендіруге құқылы:

1) адамның әскери қызмет өтілі кемінде 10 жылды құрайды;

2) әскери қызметші еңбек сіңірген жылдары бойынша жұмыстан босатылған;

3) ауырған кезде немесе Штаттың қысқаруы бойынша — қызмет ету мерзіміне қарамастан.

Күнтізбемен есептегенде 20 және одан да көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілердің тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар (“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 101бабының 4 тармағы).


Қандай тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды?

“Тұрғын үй қатынастары туралы” заң тұрғын үйді жекешелендіруге шектеулер қояды. Заңның 13 бабының 7 тармағына сәйкес мынадай тұрғын үй жекешелендіруге жатпайды:

1) олардың біреуі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда, жекелеген жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға берілетін;

1-1) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай ретінде берілетін;

2) уақытша құрылыстарда;

3) белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін;

4) тұрғын емес үй-жайлардың одан әрі тұруға жарамсыздығына қарай оларды қайта жабдықтауға жататын үй-жайлар;

5) әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы;

6) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы;

7) бұзылуға жататындар;

8) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген;

8-1) лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне ведомстволық тұрғын үй қорынан берілген;

9) “Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы”Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан қызметкерлерге 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ұсынылған қызметкерлерге беріледі. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген төсек үлгісіндегі, сондай-ақ бөлме үлгісіндегі тұрғын үй-жайлар да жекешелендіруге жатпайды

 

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ
Астана қ., Республика данғ.,32
Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
Yзіліс: 13:00-14:30

Яндекс.Метрика