• info@zhilfond.kz
  • +7 (7172) 28-09-59
  • ҚАЗАҚША
  • РУССКИЙ
  • САЙТ ТІЛІ
    • ҚАЗАҚША
    • РУССКИЙ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • МЕКЕМЕ ТУРАЛЫ
    • Жалпы ақпарат
    • Басшылық
    • Бюджет
    • Азаматтарды қабылдау кестесі

    • Мемлекеттік рәміздер
  • ТҰРҒЫН ҮЙ
    • Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болатындығы туралы
    • Тұрғын үй бойынша сұрақтар
  • MҰРAFAT
    • 2022 ж. кезекте тұрғандардың тізімі
  • БАЙЛАНЫСТАР
ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАР       ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТТЕР

«Elorda zhastary» бағдарлама

Бағдарламаның шарттары

– тұрғын үйді Астана қаласында өзіңіз таңдайсыз (бастапқы немесе қайталама нарық)

– қарыздың ең жоғарғы сомасы – 18 млн. теңге;

– бастапқы жарна– 10%;

– жылдық 5% – бен;

– несиелеу мерзімі 25 жылға дейін;

– әрбір мүшесіне соңғы 6 ай үшін еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 6 еселенген шамасына дейінгі кірісінің болуы.


Жалпы талаптар:

– 35 жасқа дейінгі жасты қоса алғанда;

– соңғы 1 жылда Астана қаласында тұрақты үздіксіз атаулы тіркеудің болуы;

– меншік құқығына мүліктің және сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің соңғы 5 жылда және өтінім берген сәтте болмауы;

– өтініш беру сәтіндегі қатысушының таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі соңғы бір жылдан кем емес;

– жинақталған сомасы 1.8 млн. теңгеден кем емес “Отбасы банкте” депозиттік шотының болуы;

Астана қаласының мемлекеттік қалалық және республикалық мекемелерінің келесі қызмет салалары бойынша қызметкерлері ғана қатыса алады:

- денсаулық сақтау (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, медицина қызметкерлері);

- білім беру (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, педагог қызметкерлер);

- мәдениет (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер);

- спорт (спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар);

- әлеуметтік сала (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда бейінді қызметкерлер);

- ЖОО мен ҒЗИ (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер);

- журналистер (журналистер, тілшілер, продюсерлер және т.б.);

- Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындарының/ мекемелерінің бейінді қызметкерлері (КММ, МКҚК, ШЖҚ МКК, әкімдіктің 100% қатысуымен АҚ және ЖШС);

- қызмет саласына қарамастан, Астана қаласында “Жетім балалар” санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 35 жасқа дейінгі азаматтар.

- Астана қаласының полиция департаменті (бейінді қызметкерлер техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);

- Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, бейінді қызметкерлер);

Бағдарламаны іске асырудың басталуы туралы ақпарат Мекеменің ресми интернет-ресурстарында орналастырылатын болады.


Қажетті құжаттар тізімі:

1.Электронды цифрлі кілт;

2.Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеутуралы куәлік (бала туу, неке қию, некені бұзу және т. б.);

3.Өтініш берушіге және ҚР бойынша барлықотбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама;

4.Лауазымы мен лауазымдық жалақысыкөрсетілген ұйымның фирмалық бланкісінде берілген жұмыс орнынан анықтама .

5.ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбекөтілін растайтын құжаттар (қызметтік тізім, еңбек кітабы немесе т. б.);

6.Еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін зейнетақыаударымдары туралы үзінді-көшірме ерлі-зайыптылардың екеуіне де (жұбайы (зайыбы);

7.Болған жағдайда: өтініш берушіге немесе оныңотбасы мүшелеріне (жұбайы, балалары)мүгедектігі туралы анықтама;

8.Депозитте жинақталған соманы көрсете отырып,”Отбасы банк” АҚ-да депозиттік шоттың болуы туралы анықтама (ерлі-зайыптылардың екеуіне де, жинақталған сома 1.8 млн. теңгеден кем болмауы тиіс);

9.Жұмыс істейтін ерлі-зайыптылардың екеуінде деболған жағдайда соңғы 6 айдағы табысы туралы жұмыс орнынан анықтама;

10.Жоғары немесе орта арнаулы білімі туралы құжат.


Туындаған сұрақтарға жауаптарды қайдан алуға болады?

109 (мобильді) – iKomek

300 (мобильді) – “Отбасы банк”АҚ

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ
Астана қ., Республика данғ.,32
Жұмыс кестесі: Дс-Жм 08:30-18:00
Құжаттарды қабылдау кестесі: Дс-Жм 08:30-17:00
Yзіліс: 13:00-14:30

Яндекс.Метрика